Зайнутдиновтің командасына 18 жастағы жас шабуылшы ауысып келді

Зайнутдиновтің командасына 18 жастағы жас шабуылшы ауысып келді

Македониялық шабуылшы Давид Тошевски «Ростов» футбол клубының ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 жастағы футболшымен бес маусымға жарамды келісімшарт жасалған.

Тошевски бұған дейін өз елінің «Работнички» командасында өнер көрсетті. 2019/20 жылғы маусымда 21 матчқа қатысып, 5 гол соқты.

Айта кетейік, «Ростов» сапында қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или