ММА

Жұмағұлов Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралына» қалай жетті

Жұмағұлов Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралына» қалай жетті
news-banner7
mobile-news-top

«Территория ММА» Youtube-арнасында қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың (13-3) Абу-Дабидегі бірінші күні көрсетілді, деп жазады Prosports.kz.

Сергей Морозов, Османжан Қасымов және Руслан Алтаев қатарлы Жалғас Жұмағұловтың командасы әйгілі Формула-1 тас жолының жанындағы «Яс Марина» қонақүйінде орналасты.

Жұмағұлов 5 шілдеде өз командасымен бірге Яс аралына барды, өйткені барлық қатысушылар «Сарбаздар аралына» жеткеннен кейін 48 сағаттық карантинге жіберілді. Бүгін, 7 шілдеде Жұмағұловтың командасы UFC 251 турнирінің алдындағы жаттығу процесін бастады.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 12 шілдеде UFC 251 турнирінде өнер көрсетеді. Жұмағұлов аталған кеште 24 жастағы бразилиялық файтер Раулиан Пайвамен жұдырықтасады. Жұмағұлов-Пайва жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақытымен 05:00-де өтеді. Жекпе-жек кешін Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бұл кештің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақта UFC чемпионы Камару Усман мен Гилберто Бернс жұдырықтасады. Бұдан бөлек негізгі жекпе-жектер қатарында Александр Волкановски - Макс Холлоуэй және Пётр Ян - Жозе Альдо кездесулері бар.

Жалғас Жұмағұлов қатысатын турнирді қайдан көруге болады?

«Сарбаздар аралындағы» алғашқы турнир

Жұмағұлов UFC-дегі дебютін «Сарбаздар аралында» өткізеді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер