Жерар Гоу: «Маусымды көктемде бастағанымда чемпионаттың үздік сұрмергені болар едім»

«Қайраттың» ивуарлық шабуылшысы Жерар Гоу қазақстандық қақпашылардың «бас ауруына» айналды. Гоудың гол саны 12-ге жетті жарты жылда. Футболшы өзінің нәтижелігі мен Владимир Вайсс жайлы, өз елі және басқа да қызықтар туралы «PROСПОРТ» тілшісіне берген сұхбатында айтты.

– Жерар, сен «Қайратқа» Исаэльден бұрын келдің, оған осында ауысуға сен кеңес бердің бе?

– Жоқ, бұл оның өз шешімі, бірақ, әрине, оның келгеніне қуанышты болдым. Біз жақсы доспыз.

– Командаға ауысқан соң алғашқы кезеңдерден не есіңде қалды?

– Қазақстанда ең ұнағаны – жергілікті халықтың шетелдіктерге деген көзқарасы. Олар қабақ танытпай жылы қарым-қатынаста болады, өзіңді жайлы сезінген тамаша ғой. Команда мүшелері де мені жылы қабылдады.

– Неліктен жейдеңе тегіңнің орнына есіміңді жаздырасың?

– Бұл менің таңдауым болды, ағайындарым өте көп, көзге түсіп, ерекшелігімді көрсеткім келеді.

«Вайсс жақсы адам, мықты бапкер, барлық ойыншы үшін оның орны әкенікімен бірдей»

– Келесі жылы Сисеймен бәсекелесуге дайынсың ба? Қарым-қатынастарың қалай?

– Момомен өзара жақсы түсінесеміз, себебі екеуіміз де қараторымыз, бір құрлықтанбыз. Бәсекелесуге келер болсақ, біз дос болмаған күннің өзінде команда үшін күресуіміз қажет. Оның үстіне, бәсекелестік туралы айтуға да ерте, себебі біз жұптасып ойнай аламыз. Ол «тіреуші» ретінде, мен жылдам немесе алғы шабуылшы позициясында.

– Сен Морокко мен Түркияда сұрмерген атандың, Қазақстандағы мақсатың да осы шығар?

– Егер маусымды көктемде бастағанымда, чемпионаттың үздік сұрмергені болар едім. Бірақ мен тек жарты маусым ғана ойнадым ғой. Ал біріншіліктің бомбардирі атағына барлық матчқа қатысып, 16 гол соққан Фокси ие болды.

– Кейде Вайсс сені матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында сынға алатын. Бұған қалай қарайсың? Байсалмен қабыл аласың ба, әлде ерегесесің бе? Владимир Вайссқа деген көзқарасың қалай?

– Әр бапкердің шәкіртіне жігер беретін әдісі болады, Вайсс менімен көп сөйлесе бермейді. Бірақ маған күш берудің қажеті де жоқ деп ойлаймын, себебі мен тәжірибелі ойыншымын және алаңда не істеу керегін білемін. Ол менімен сөйлеспейді, бірақ бұл мен жаман ойыншымын деген сөз емес. Ол бір-екі сөз айтса, соның өзі жеткілікті; мысалы, «Джерри, сен бізге керексің» дейді ол. Вайсс жақсы адам және мықты бапкер, барлық ойыншы үшін оның орны әкенікімен бірдей.

«Мен әкеме плантацияда көмектестім, кейін футбол мектебіне түсіп қара жұмыстан алыстадым»

– Голды айып алаңының ішінде соғасың, бұл – сенің стилің. Алыстан доп соққан сәттерің болды ма?

– Расын айтсам, мен кез келген жағдайда гол соға алам, «Қайратта» ойыншылар жақсы жасақталған, маған айып алаңының ішінде жағдайымды жасап береді, сондықтан алыстан соққы бағыттаудың қажеті де шамалы.

– «Ксамаксте» ойнап жүргеніңде клубтың президенті ресейлік атақты бизнесмен Болат Чагаев болды. Ол клубты жаттықтырған кезде шешен мәдениетін енгізкісі келді, ол жеңіліп қалған матчтарда футболшыларды қорқытатын деген сыбыс бар. Бұл қаншалықты рас? Егер өтірік болса, оның басшылығына көзқарасың қандай?

– Мен ол жаққа Мароккодан келдім, 4 жылға келісім-шартқа қол қойып, 2,5 жылдан соң кетіп қалдым. Кейін Чагаев келіп, команданы Анелька немесе Джибриль Сиссе секілді мықты ойыншылардан жасақтағысы келетінін, біздің керек еместігімізді айтты. Содан соң жаңа бапкер келіп, менің ойынымды ұнатты. Бірақ мен сол кезде-ақ командадан кетем деп шештім. Қорқыту туралы ештеңе білмеймін, бірақ Чагаевтың атағы жақсы нәрсемен шықпағанын естігенмін.

– Исаэль бала кезінде анасына ет сатуға көмектескенін айтты, сен бала болғанда еңбек етіп пе едің?

– Мен әкеме плантацияда көмектестім, кейін футбол мектебіне түсіп қара жұмыстан алыстадым.

– Сонымен қатар, бразилиялық футболшы Алматы мен Краснодарды салыстыруға болмайтынын, біздің қала әдемі екенін жеткізді. Келісесің бе? Алматының сен бұрын тұрған Невшатель мен Денизлиден қандай айырмашылығы бар?

– Исамен келісемін, Алматы Краснодардан жақсы. Әрине, Ресейде де маған қолайлы болды. Расы керек, командада өзімді жайлы сезіне алмадым, себебі бапкер мені құрамға қоспайтын. Алайда менің өмір сүріп, ойнаған жерлерімнен ең кереметі – Швейцария дер едім, Невшательде французша сөйлейді, сондықтан маған қолайлы болды. Кейде Алматыда ішім пысады, мұнда таныстарым аз, жаттығудан кейін әрдайым үйіме оралып, уақытымды сонда өткіземін.

«Футбол – менің өмірім, тіпті, қызымды олай жақсы көрмеймін»

– Сейду Думбия кейде ЦСКА-ның базасында ивуардың ұлттық киімінде жүреді, бірде, тіпті, Василий Березуцкийге де сондай киімді сыйға тартты. Сен өз әріптестеріңе осындай сый жасамадың ба?

– Думбияның командада жүргеніне көп болды, оның клубта достары бар. Ал менің «Қайратқа» келгеніме бес ай болды, мүмкін жігіттерге мұндай сыйлықты сәл кейінірек жасармын.

– Футболдан артық нені жақсы көресің?

– Ештеңе. Футбол – менің өмірім, тіпті, қызымды олай жақсы көрмеймін.

– Әлем чемпионатында Кот-д’Ивуар құрамасының жартылай қорғаушысы Серей Ди Колумбияға қарсы матчтан бұрын әкесінің қайтыс болғанын естіп, көзіне жас алған болатын. Алаңда осындай эмоцияға берілген кездерің болды ма?

– Жоқ, негізі оның әкесі қайтыс болған жоқ. Серей менің досым, ол осындай үлкен турнирде ұлттық құрама сапында өнер көрсететінін мақтаныш тұтады. Эмоцияға келер болсақ, мен он гол соғып, командам бәрі бір жеңіліп қалса қатты ашуланамын.

– Біз Ресей чемпионатының қандай екенін білеміз, швейцариялық және түркиялық біріншіліктен де хабардармыз. Сен Мароккода ойнадың ғой. Ол жақтың чемпионаты қай деңгейде екенін айтшы, айырмашылығы бар ма?

– Ол менің алғашқы халықаралық тәжірибем еді, Марокконың чемпионаты қиын. Жас кезімде бейімделу тым қиынға соқты. Алайда лиганың және әр қарсыласымның деңгейі менің тез бейімделуіме көмектесті.

– Ресейде нәсілшілдікке тап болған жоқсың ба?

– Краснодарда ондайды көрген жоқпын, бірақ бапкер мені қаратүсті болған соң алаңға шығармайды деп ойлаған кездерім болды. Бірақ кейін командамызда Жоаозиньоның ойнайтын ескеріп, себеп басқада екенін түсіндім.

– Соңғы сұрақ, африкалықтардың арасында футболды Дидье Дрогбадан жақсы ойнайтындар бар ма?

– Дрогба? Меніңше, Это’О да – Дрогба секілді ұлы ойыншылардың бірі. Олар әр түрлі футболшылар, стильдері бөлек, бірақ бір деңгейде тұр.

Алибек Кабенов

Тәржімалаған: Есет Төлеш

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или