«Астана» коронавирусқа тест тапсырды

«Астана» коронавирусқа тест тапсырды

"Астананың" баспасөз хатшысы Дмитрий Нестеренко өзінің телеграм каналында команда коронавирусқа арналған сынақтан өткенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

 - "Астана" коронавирусқа тест тапсырды. Барлық ойыншылар мен жаттықтырушылар құрамының сынақтары теріс нәтиже көрсетті!, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Қазақстан премьер-лигасы елде қатаң карантин енгізілгеннен кейін уақытша тоқтап қалды.

"Астана" алматылық "Қайраттан" екі ұпай артта қалып, екінші орында тұр. Бірақ елордалықтар бір матч кем өткізген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или