«Ювентус» өз алаңында «Ториноны» жеңді
Италия А сериясының 30-туры аясында «Ювентус» өз алаңында «Торино» командасын қабылдады, деп жазады Prosports.kz.
Кездесу 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді.
«Ювентус» сапында Пауло Дибала, Хуан Куадрадо және Криштиану Роналду гол соқты, алаң иелерінің есебіне жазылған тағы бір голды «Торино» қорғаушысы Коффи Джиджи өз қақпасына соғып алды. Ал қонақтар сапынан жалғыз голды Андреа Белотти соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или