Самат Сәрсенов Латвия чемпионатындағы алғашқы голын соқты
Қазақстандық футболшы Самат Сәрсенов өнер көрсететін «Валмиера» командасы Латвия чемпионатының 5-турында «Спартакпен» кездесті.
Командалар 2:2 есебімен тең тарқасты. Бұл матчта Сәрсенов латвиялық клуб сапындағы алғашқы голын соқты. Ол 55-ші минутта таблодағы есепті қысқарта алды. Әріптесі <span>Толуваласе Арокодаре</span> таразы басын теңестіре алды. Самат төрешінің соңғы ысқырығына дейін алаңда өнер көрсетті.
<span>Айта кетейік, Сәрсенов «Валмиера» сапында ақпан айында «Қайраттан» ауысып барған еді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или