Әлем футболы

«Қайраттың» сапына Сенегал футболшысы қосылады

«Қайраттың» сапына Сенегал футболшысы қосылады
news-banner7
mobile-news-top

Алматының «Қайраты» жақында Сенегал футболшысы Хали Тиамды қатарына қосады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Болгарияның «Левский» командасында доп тебетін 26 жастағы жартылай қорғаушының қазіргі келісімшарты шілде айының басында аяқталады.

– «Левскиймен» қош айтысқан Хали Тиамға Испанияның екінші дивизионында бақ сынайтын «Альбасете» командасынан ұсыныс түскен. Қазір команда Сегундада қалу үшін күресіп жатыр.

Дегенмен Хали Тиам Қазақстанның «Қайратымен» келісімшартқа отырады. Жақында ол қазақстандық команданың ұсынысын қуана-қуана қабылдайтынын айтқан, - деп жазды Fakti.bg басылымы.

Бұған дейін Gong.bg басылымы Хали Тиам жақын күндері «Қайратпен» келісімшартқа отыратынын жазған еді.

Хали Тиам мансабында Венгрияның «Ракоци» мен «МТК», АҚШ-тың «Чикаго Файр», Түркияның «Газиантепспор», Ресейдің «Динамо» және Болгарияның «Левский» командаларында ойнаған.

Футболдан Қазақстан чемпионаты тағы да тоқтатылды

Алмат Бекбаев: «Ордабасыға» қарсы ойынға тыңғылықты дайындалудамыз

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер