Футболдан Қазақстан чемпионаты тағы да тоқтатылды

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан чемпионатының тағы да тоқтатылғанын мәлімдеді Prosports.kz тілшісі<span> </span>ҚКФЛ сайтына сілтеме жасап.
Бұл шешім жаңа карантиннің енгізілуіне байланысты қабылданған. Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік комиссия 14 күнге шектеу шараларын енгізді. Жаңа карантин 5 шілдеде басталады.
Осы кезеңде барлық спорттық шараға тыйым салынады.
Айта кетейік, күшейтілген карантин шаралары ұзартылуы да мүмкін.
Еске салайық, футболдан Қазақстан чемпионаты наурыздың ортасында тоқтатылып, 1 шілдеде жалғасқан болатын. Сол күні Қазақстан Премьер-лигасының 3-тур матчтары өткен еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или