Алмат Бекбаев: «Ордабасыға» қарсы ойынға тыңғылықты дайындалудамыз

Алмат Бекбаев: «Ордабасыға»  қарсы ойынға тыңғылықты дайындалудамыз
news-banner7
mobile-news-top

«Жетісу» командасының қақпашысы Алмат Бекбаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында ел чемпионаты туралы айтып берді.

- Алмат, маусымның жаңаруымен құттықтаймын, ұзақ уақыт үзілістен кейінгі бірінші ойын қаншалықты қиынға соқты?

- Рахмет! Әрине барлығымыз маусымның басталуын тағатсыздана күтіп, алаңға шығуды сағындық. Барша жанкүйерлер де сағынған шығар деп ойлаймын. Сонымен қатар, мұндай ұзақ үзілістер физикалық тұрғыда, қай жағынан болсын футболшыларға кері әсерін тигізеді, бірақ біз командамызбен формамызды сақтап қалуға тырыстық және алдағы ойындарға өте мұқият дайындалудамыз.

- Еліміздің үздік командасы «Қайрат» футбол клубымен өткен ойын нәтижесіне пікіріңіз?

- "Қайрат"-пен өткен алғашқы ойынға келетін болсақ, иә, біз үшін күрделі ойын болды, жеңіліс таптық. Бірақ бұл еңсемізді түсірмеу керек, әлі де алда ойындар бар, менің ойымша, біз жақсы нәтиже көрсете аламыз деп ойлаймын.

- Биылғы маусымға командаға қандай мақсат қойылып отыр?

- Ағымдағы маусымда қойылып отырған міндет ол төртінші орынға ие болу, мүмкіндіктердерді жібермей қолымыздан келіп жатса әрине, жүлделі үштікке де кіру басты мақсат. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар. Ең бастысы сенімділік, барлық күш-жігерді салу және әр командамен жақсы ойын өрнегін көрсете отырып жеңіске жету. Барлығы біздің қолымызда!

- «Жетісу» футбол клубымен келісімшартыңыздың мерзімі қандай? және қандай жоспарыңыз бар?

- Клубпен келісім-шарт ағымдағы жылдың қараша айында аяқталады. Жоспарым - осы бапкерлік штабпен әрі қарай жұмыс істегім келеді. Келесі маусымда да бірге жұмыс істей аламыз деп үміттенемін.

- «Ордабасы» ойынында сәттілік тілейміз, ойынға дайындықтарыңыз қалай өтуде?

- Тілегіңізге рахмет. Бізге шынымен тек қана жеңіс қажет. "Ордабасы" командасымен болатын келесі ойынға біз тыңғылықты дайындалудамыз. Бізде әр матчта жеңіске жету міндеті тұр, әрине барлығын жеңу мүмкін емес, бірақ бұл футбол, қалай жеңіске жетсең дәл солай ұтылып қалуың да мүмкін. Біз тек жеңіс үшін, көрермендерге қуаныш сыйлау үшін ойнаймыз.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер