Күрес түрлерінен 2020 жылғы әлем чемпионаты өтпейтін болды

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2020 жылы күрес түрлерінен әлем чемпионатын өткізуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Olympic.kz.
<span>Бұл туралы UWW онлайн-конференциясында талқыланды. Конференцияға қатысушылар 2020 жылы Сербияның Белград қаласында өткізу туралы өтінішін қарастырды. Жарыс уақыты шамамен 12-20 желтоқсан күндеріне жоспарланған. </span>
<span>Пандемияға байланысты жарыстың өтуі туралы нақты шешім әлі шықпаған. Әлем біріншілігі өткен жағдайда, барлық қатаң талап пен тәртіп сақталған күйде ұйымдастырылады. </span>
<span>«Біздің ең бірінші міндетіміз – спортшылардың қауіпсіздігі мен олардың дендерінің сау болуы. Олардың денсаулығына қауіп төнетін жағдай туындаса, әлем біріншілігі өткізілмейді. Осыған қатысты нақты шешім тамыз айының соңында шығады», - дейді UWW басшысы Ненад Лалович.</span>