«Реал» ойыншысы «Интерге» ауысты
«Реал Мадрид» футбол клубының жас қорғаушысы Ашраф Хакими «Интер» ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы миландық клуб ресми хабарлады.
<span>21 жастағы ойыншы үшін «Интер» 40 миллион еуро жұмсады. Келісімшарт мерзімі 2025 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Ал жылдық жалақсы 5 млн еуро болады. </span>
<span>Айта кетейік, м</span>ароккалық қорғаушы соңғы екі маусымда <span>«Боруссия Дортмундқа» жалға берілген. Хакими дортмундтық команда сапында керемет өнер көрсетті. Биылғы маусымда Бундеслигада 32 ойынға қатысып, 5 гол соқты және 10 нәтижелі пас шығарды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында 8 матчқа қатысып, 4 гол соқты.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или