Йосип Кнежевич: «Келісімшарт бойынша «Қайратта» тағы бір жыл ойнаймын»

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Йосип Кнежевич «PROСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

«Маусым аяқталды. Ел кубогының иегері атанғанымызға қуаныштымын. Өкінішіке қарай, Қазақстан чемпионы бола алмадық.

Биылғы маусым басында жиі ойнайтынмын. Кейін ауыр жарақат алып, үш ай бойы жасыл алаңға шықпадым. Қазіргі таңда бәрі жақсы, жарақытымнан айықтым.

Келісімшарт бойынша «Қайратта» тағы бір жыл ойнаймын. Десек те, барлығы үш күннен кейін белгілі болады.

Бапкеріміз жайлы айтатын болсақ, Владимир Вайсс өте жақсы адам. Онымен жұмыс істеген рахат. Жалпы біздің бапкерлік құрам өте мықты. Жерар Гоу мен Исаэл «Қайратты» күшейткені айдан анық», - деді Кнежевич.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или