Виталий ЛИ: «Мен үшін маусым сәтсіз өтті»

«Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Виталий Ли маусымды алматылық команда сапында бастамағанына өкінетінін айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мен үшін маусым сәтсіз аяқталды. Алдымен, «Шахтерде» оқу-жаттығу жиынын өткіздім, сосын Астанаға кеттім... Өз басым маусымды Алматыда бастағым келген. Артынша, біраз қиындықтардан кейін «Қайратқа» ауыстым.

Келесі маусымды «Қайрат» сапында өткіземін деген ойдамын. Ары қарай да алматылық командада ойнағым келеді.

«Алтын жүлдеңді алып кет» деп Астанадан бұрынғы командаластарым қалжындаған.

Әйтсе де, барлығына айтарым: «Қайрат» – Қазақстандағы ең үздік команда», - деді Виталий Ли.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или