«Тобол» сапында үш ойыншы ҚПЛ-дағы дебютін өткізді
Қостанайлық «Тоболдың» баспасөз қызметі ҚПЛ-дың 3-турыда ақтаулық «Каспийге» қарсы матчта дебютін өткізген футболшыларды атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.
«Жұмашев, Тұрсынбай және Оганесян Қостанай клубы сапындағы Премьер-Лигадағы алғашқы ресми матчтарын өткізді.

Өткен маусымда Жаслан Жұмашев сары-жасылдардың жастар командасында өнер көрсеткен. Екінші Лигада хавбек 29 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Каспийліктермен болған ойында Жұмашев бірінші минуттан бастап алаңға шығып, екінші таймда ауыстырылды.

Сағадат Тұрсынбай Премьер-Лигада «Ертіс» және «Ордабасы» командаларында өнер көрсетті. «Каспийге» қарсы ойында Сағадат Азат Нұрғалиевке гол пасын берді.

Арман Оганесян Қазақстан чемпионатының бірінші кездесуінде көп уақыт өткізген жоқ. Ол 88 минутта Петрос Аветисянның орнына шықты», - деп жазылған хабарламада.