«Реал» ойыншысы «Интермен» келісімшартқа отырады
Бүгін «Реал Мадрид» клубының ойыншысы Ашраф Хакими «Интермен» келісімшартқа отырады.
Мароккалық қорғаушы соңғы екі маусымда <span>«Боруссия Дортмундқа» жалға берілген. Хакими дортмундтық команда сапында керемет өнер көрсетті. Биылғы маусымда Бундеслигада 32 ойынға қатысып, 5 гол соқты және 10 нәтижелі пас шығарды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында 8 матчқа қатысып, 4 гол соқты.</span>
<span>Sky Sport Italia басылымының мәліметінше, бүгін медициналық тексерістен өтіп, 5 жылдық келісімшартқа отырады.</span>
<span>Миландық команда 21 жастағы жас ойыншы үшін 40 миллион еуро ұсынып отыр. Хакими үнемі негізгі құрамда ойнағысы келеді. «Интердің» бас бапкері Антонио Конте өзінің үш қорғаушы жүйесінде оған орын табылатынын айтып сендірді. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или