Қазақстандық футболшының командасы жеңіске жетті

Қазақстандық футболшының командасы жеңіске жетті

Қазақстандық шабуылшы Самат Сәрсенов Латвия чемпионатында бақ сынайтын «Валмиера» сапындағы кезекті ойынын өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Жоғарғы лиганың төртінші турында оның командасы өз алаңында «Тукумс 2000» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Самат Сәрсенов матчтың <span>74</span>-минутында алаңға шықты. 

«Валмиера» (Валмиера, Латвия) - «Тукумс 2000» (Тукумс, Латвия) - 2:0

Гол соққандар:<span> </span>Толуваласе Арокодаре 50, Эрикс Пункулс 83

Айта кетейік, 23 жастағы Сәрсенов латвиялық клубқа ақпанның басында «Тараздан» ауысқан. Қазақстан Премьер-лигасында ол 23 матч өткізіп, бір гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или