«Реал» ойыншысын «Интер» 40 миллион еуроға сатып алды

«Реал» ойыншысын «Интер» 40 миллион еуроға сатып алды

«Реал Мадрид» футбол клубының жас қорғаушысы Ашраф Хакими «Интер» ойыншысы атанды, деп жазады Prosports.kz.

Шетелдік басылымдардың хабарлауынша, <span>Хакими жақында Милан қаласына барып, келісімшартқа қол қояды. Оның трансфері үшін «Интер» 40 миллион еуро жұмсайды. Ал жылдық жалақсы 5 млн еуро болады. Келісімшарт 5 жылға жасалады. </span>

<span>21 жастағы м</span>ароккалық қорғаушы соңғы екі маусымда <span>«Боруссия Дортмундқа» жалға берілген. Хакими дортмундтық команда сапында керемет өнер көрсетті. Биылғы маусымда Бундеслигада 32 ойынға қатысып, 5 гол соқты және 10 нәтижелі пас шығарды. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында 8 матчқа қатысып, 4 гол соқты.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или