«Тобыл» ойыншысына Түркияда ота жасалды
«Тобыл» футбол клубының қорғаушысы Стивен Эзеге Түркияда операция жасалды, деп жазады Prosports.kz
Бұл туралы қостанайлық клубтың сайтында хабарланды.
<span>Стивеннің</span> отасы сәтті өтті, қазір ойыншы емханада оңалту курсынан өтіп жатыр. Жоспарларға сәйкес, жақын арада <span>Эзе </span>Қостанайға қайтып келіп, қалпына кел жаттығуларын бастайды.
- «Тобыл» футбол клубының ұжымына, сондай-ақ маған тілекші болған жанкүйерлеріме алғысымды білдіргім келеді, сіздің қолдауларыңызға баға жетпейді, - деп жазды Стивен Instagram желісіндегі жеке парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Стивен маусым алдындағы жиындарда алған жарақатына байланысты бастапқы екі турды өткізіп алған болатын.<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или