Қаршыға Дәуітбек ACA 107 турнирінде өнер көрсетеді

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек (9-3) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні анықталды, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіл салмақ дәрежесінде (62 келі) өнер көрсететін Қаршыға 24 шілдеде өтетін ACA 107 турнирінде өнер көрсетеді. Турнирдің орны мен форматы қазірше белгісіз. Бұл оның ресейлік лигадағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Отандасымыз жеңіліп көрмеген ресейлік файтер Хасейн Шайхаевпен (3-0) кездеседі.
Дәуітбек соңғы жекпе-жегін биыл ақпанда Alash Pride Grand Prix турнирі аясында өткізді.
Айта кетейік, ACA 107 турнирінде тағы бір қазақстандық файтер Евгений Егембердиев те бақ сынайды. Оның қарсыласы - ресейлік Насрудин Насрудинов (8-0). Егембердиев жартылай ауыр салмақта (93 келі) ACA рейтингісінде 4-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или