Фирмин Мубеле «Астанадан» кетті

Фирмин Мубеле «Астанадан» кетті

Конголық шабуылшы Фирмин Мубеле «Астана» футбол клубынан кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

- «Тулуза» мен «Астана» футбол клубтары арасында жасалған Фирмин Мубелені жалға алу келісімшарты аяқталды.

«Астана» футбол клубы Мубеленінің алдағы мансап жолына сәттілік тілейді, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, «Астана» Мубелені франциялық «Тулузадан» жалға алған. 2019 жылы ол елордалық клуб сапында бес матч өткізіп, бір гол соқты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или