Англия кубогы. Жартылай финалдың жұптары анықталды

Англия кубогы. Жартылай финалдың жұптары анықталды

Англия кубогының жартылай финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Ширек финал матчтарынан кейін кубоктың жартылай финалының жеребесі тартылды. Жеребе нәтижесі бойынша, «Манчестер Юнайтед» «Челсимен» кездеседі. Ал «Арсенал» «Манчестер Ситимен» күш сынасады. 

Матчтар 18-19 шілдеде «Уэмбли» стадионында өтеді. 

Кубоктың қазіргі иегері - «Манчестер Сити». «Қалалықтар» былтыр турнирдің финалында «Уотфордты» 6:0 есебімен жеңіп, бұл жүлдені алтыншы рет иеленген болатын. 

Англия кубогының иегерлері арасында рекорд - «Арсеналда». Лондондық клуб бұл турнирде 13 рет топ жарған. «Манчестер Юнайтед» олардан бір жүлдеге қалып тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или