Қазақстан футболы FIFA-дан 1,5 миллион доллар қаржы алады
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) ұлттық федерацияларға коронавирус пандемиясымен күресте көмек көрсету үшін 1,5 миллиард доллар бөлді. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
Осы бағдарлама аясында ФИФА-ға мүше барлық қауымдастықтарға, соның ішінде Қазақстан футбол федерациясына көмек көрсетіледі.
FIFA құрамына кіретін 211 қауымдастықтың әрқайсысына 1 миллион доллардан тұратын әмбебап грант, әйелдер футболын дамытуға қосымша 500 мың доллар көлемінде қосымша грант бөлінеді. Алты конфедерацияның әрқайсысына 2 миллион доллардан беріледі.
Сонымен қатар, әр халықаралық қауымдастық 500 мыңнан 5 миллион долларға дейін несие алуға өтініш бере алады, бірақ оның мөлшері қауымдастықтың жылдық кірісінің 35 пайызынан аспауы керек. Конфедерацияларға 4 миллион доллар несие ұсынылады.
ФИФА COVID-19 салдарын жою үшін 1,5 миллиард доллар бөледі
Қазақстан клубтары еурокубокқа қатысу үшін сертификат алды
ФИФА футболшыларға бір маусымда үш клуб ауыстыруға рұқсат етті