Игорь Свечников: «Жас футболышлар негізгі құрамның ойыншыларына қарап бой түзейді»

Елордалық клубтың ресми сайтына дубль құрамының бас бапкері Игорь Свечников маусымды қорытындылап, сұхбат берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Менің ойымша, команда алдыңғы жылдан кем ойнаған жоқ, ал жиналған ұпайлар бойынша тіпті жақсырақ. Біздің алдымызға қойылған негізгі мақсат – дубль құрамының шәкірттерін негізгі құрам үшін дайындау болған. Жалпы маусымның бойында клубтың шәкірттері 4 – тен 8 адамға дейін негізгі құраммен жаттыққан. Егер алған орнымызға келсек, әрине жақсырақ ойнауға тиіс едік, бірақ оған субъективті және объективті себептер бар. Жылдың соңында студенттермен жетіспеушілік болған, студенттік лигаға қатысқандықтан, оларды ақырғы екі -үш турға жіберген жоқ. Маусым бойы бапкерлік штаб ойыншылар тәсілді және техникалы тұрғыдан жақсарғанын көрді. Маусымның соңында негізгі құрамның жаттықтырушы – әдіскері Магомед Нозадзе бас команданың бапкерлерінің құптауымен бізге InStat бағдарламасымен көмектескен – бұл команданың да, жеке ойыншылардың да техника – тәсілді әрекеттерін есептейтін бағдарлама. Бұл біздің бапкерлік алқа үшін үлкен жәрдем, қай жерде мәселелеріміз бар екенін немесе қарсыластан байсалды тұстарымызды көруге мүмкіндік беретін. Жігіттер осы көрсеткіштерге қызығатын, олардың көрсеткіштері жақсара ма, әлде сол деңгейде қала ма екенін көру үшін келесі ойындарды күтетін. Дубльдан кейбір жігіттерді қазір бірінші лигадан клубтар қарауға шақырып жатқанын білемін. Егер олар бірінші команда сенім білдіретін футболшылардың тізіміне кірмесе, бұл жағдайда олардың бірінші лигада бақ таластыруына қарсы емеспіз. Футболшылардың бір саны негізбен кететіні, біреу бірінші лигада өзінің күшін сынайтынына байланысты, маусымның соңында бізбен 1996 жылы туған клубтың футбол орталығынан ойыншылар жаттыққан, яғни осы жылы түлек болатын. Негізі менің жігіттерімнің сонда болашағы бар, бірақ олар белгілі бір деңгейлі футболшы болып өсу үшін өте көп жұмыс істеуге тиіс.

- Биыл 1997 жылы туған футболшылар жаттығуларға белсенді қосылған және турнирдың соңында ойын тәжірибесін алған. Олар осы маусымда өзін қалай көрсетті?

- 1997 жылы туған бес футболшы бізбен жаттықты: Ілияс Қуанышбай, Шыңғысхан Асылханұлы, Саят Еріков, Ардақ Сәулер және Әділет Амантаев. Осы жігіттер бізбен чемпионаттың бар екінші кезеңінде жұмыс істеген, олардың жақсы болашағы бар. Келесі жылы 1997 жылы туғандар түлек болатынына байланысты, өзінің оқуы мен дамуын жалғастыру үшін біз оларды дайындық тобына береміз, бірақ менің ойымша олар дубль құрамының жаттығу процессіне қатыстырылады және мүмкін командамен жиынға баратын шығар.

- Бұл сұрақты сұрамауға болмайды. «Қайратқа» қарсы соңғы ойында шабуылда екі қақпашы – Александр Коночкин және Римас Мартинкус ойнаған. Осындай тәсілді жүріс қалай пайда болды және қақпашылар өздерін алаңда қалай көрсеткендеріне разысыз ба?

- Ойын жеңіл өмірден пайда болған жоқ. Бізде студенттермен белгілі мәселелер болған. Осы жерде ойыншылардың өзін де, студенттік лигада ойнаған жоғарғы оқу орнының өкілдерін де түсінуге болады, оларды жібермеуге болмайды. Бізде 8 адам Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ үшін ойнады, екі футболшы Аграрлы Университет үшін. Бұл жас футболшылар үшін мүмкіндік, ПФЛ Кубогын жеңген «Қайратпен» матчта футболдың деңгейін сезіну үшін. Ойыншылардың жетіспеушілігінен қақпашыларды алаңға шығаруға мәжбүр болдық. Біз оларды дайындықтарда ойын жаттығуларына қосамыз, аяқпен ойынды дамыту үшін. Жалпы олардың көрсеткен ойындарына риза болып қалдық, әрине, олардың туған орнын ескере отырып.

- Бірінші кезеңнен кейін елордалық дубльдің шабуылшысы Игорь Попадинец турнирдың ең үздік бомбардирларының бірі болған, ПФЛ Кубогында оның ісі оңға баспады. Осындай құлдыраудың себебі неде?

- Ол бар маусым бойы тырысты, түгелдей барлық матчтарды толық өткізді деуге болады. Бірінші кезеңде команда деңгейінің аздаған үдемесі болған, сондықтан оған оңайрақ түсті. ПФЛ Кубогында біздің топтағы командалары тең, «Қайрат» пен «Ақтөбеден» басқа, олар бірінші орын үшін таласқан, сондықтан қиынрақ, қорғаушылардың жағынан қарсылық көп болды. Біз үшін негізгі құрамнан ойнаған футболшыларға да рахмет айту керек. Олар қасымызда болғанда, дубль құрамы өздерін сенімді сезінген, әрі бұл Игорь туралы емес. Дубль үшін Евгений Постников, Евгений Горячий, Исламбек Қуат, Александр Киров ойнағанда, бұл жас футболшыларға көмектесетін, әрине, оларға қарап дубльдің футболшылары да тартылады. Игорь осы маусымда, сөзсіз, қосқанын айта кету керек және маусым аралықта ол бірінші лиганың клубтарының біріне қарауға барады.

- Маусымның қорытындысы бойынша бапкерлік алқаны таңғалдырған, немесе көңілін қалдырған футболшылар бар ма?

- Біздің ойын командалық әрекеттермен құрастырылады, сондықтан ерекше бөлінетін және жападан -жалғыз матчтың соңын қорытындылайтын ойыншылар жоқ. Әрине, негізгі құраммен жаттығуларға қатыстырылған жігіттер ерекшеленеді.

- 1994 – 1995 жылы туған футболшылардан құралған Қазақстанның жастар құрамасы, яғни біздің дубльда негізгі жаста болып саналатын, Талғарда жиналды, бірақ өкінішке орай, алғашқы рет «Астана» құрамынан ешкім шақырылмады. Осының негізгі себебі неде?

- Менің ойымша, 1994 – 1995 жылы туған жігіттер турнирдың соңғы матчтарында құрамаға шақыруға мүмкіндік беретін ойынды көрсетпегені әсер еткен. Бірақ, құрамада жоғалмайтын жігіттер бар, деп есептеймін. Ринат Хайруллин Павел Халезовпен, мысалы, олар 17 және 19 жасқа дейін жасөспірімдер құрамаларында негізгі ойыншылар болған және былтыр Қазақстан жастар құрамасының жаттығуларына қатыстырылған, менің ойымша олар құрамдағы орын үшін таласа алар еді. Бірақ, тағы да барлығы футболшыларға байланысты, олардың көрсеткен ойындарына байланысты, олар әр ойында лайықты екендерін дәлелдеуге тиіс. Әсіресе оларда жақсы мүмкіндіктер бар, өйткені Астанадағы біздің ойындарымызға әр түрлі Қазақстан құрамаларының және біздің клубтың негізгі құрамның бапкерлері келеді.

- Биылғы маусымда «Бәйтеректе» «Астанамен» келісім – шарттарға отырған жас футболшылардың бір қатары ойнады. Сіз олардың ойынын байқадыңыз және осы футболшылар болашақта өздерінің клубына көмектесе алады ма?

- Маусымның басында «Бәйтеректің» бас бапкері Михаил Соловьев біздің дубль құрамынан төрт ойыншыны – Абай Жүнісов, Абылқайыр Исмаилов, Александр Шарифуллин және Владислав Мендыбаевты және 1996 жылы туған Артем Хударов және Аслан Еркеновты шақырған. Бірінші шеңберден кейін Исмаилов, Шарифуллин және Мендыбаев дубльға қайтып оралды, Жүнісов барлық дерлік матчтарды негізгі құрамда өткізді. Абайда дубльдің негізгі құрамында бекітулуге және негізгі құрамның бапкерлерінің есіне түсетін барлық алғышарттары бар. Менің ойымша, егер ол дубльда ойнағанда, ол биыл негізгі құраммен жаттыққан ойыншылардың тізіміне кіруі мүмкін. Мендыбаев туралы айтсақ, жігіттің жақсы қасиеттері бар, тиісті қатынаста оның жақсы футболды болашағы бар, «Ақтөбеге» қарсы матчта «лимитшы» болып шыққан бостан – бос емес. Шарифуллин және Исмаилов туралы: бірінші лигада оларға сәл қиын соқты, бізде әрқашанда ойын тәжірибесіне ие болған, бірақ олар әлі көп жұмыс істеуге тиіс. 1996 жылы туған жігіттерге келсек, онда олар дубльмен ойнаған жоқ деуге болады, бірақ біздің орталықтың шәкірттері. Михаил Соловьев екеуі туралы жақсы пікір айтқанын білемін, әсіресе Аслан туралы, ол биыл бірінші лигада матчтардың айтарлықтай көп санын өткізген.

- Сіз ертерек шеберлердің командасымен жұмыс істедіңіз, кіммен жұмыс істеген оңайрақ: тәжірибелі ойыншылармен, әлде дубльдің жас футболшыларымен бе?

- Қос жұмыста да бапкер жаттығу процессін дұрыс, әрі сауатты құрастыруға тиіс, ал футболшылар алаңда бапкердің ойлағанын орыдауға міндетті, кейін ойында осы жұмыстың қорытындысын көргенде, әрине үлкен рақат аласын. Тәжірибелі ойыншылармен жұмыс істеу оңайрақ, өйткені олар барлығын сапалы орындайды, тезірек ойлайды, техникалы орындау жоғары деңгейде. Жас футболшылармен олардың техникалық – тәсілді шеберлігімен көп жұмыс істеуге тура келеді.

Соңында біздің бар бапкерлік алқаға рахмет айтқымыз келеді: бапкерлер Азовский Иван Геннадьевичке, Алиев Яшар Мырза – Агаевичке, Глушков Борис Викторовичке, дубльдің дәрігері Біттіғұлов Нұрлан Түнқатарұлына, әкімгер Плотников Дмитрий Геннадьевичке кәсіби көңіл бөлу және осы маусымда атқарған жұмысы үшін.

fca.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или