Арьен Роббен футболға қайта оралды
Нидерланд құрамасының бұрынғы шабуылшысы Арьен Роббен мәнсабын қайта бастады және өзінің бұрынғы клубы «Гронингенде» ойнайтын болды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Мен «Гронингенге» футболшы ретінде ораламын. Енді бұл - менің мақсатым. Футболға оралу жолында жұмыс жасап жатырмын. Бұдан не шығатынын білмеймін, бірақ мен «Гронингенде» ойнауды армандаймын», - деді Роббен.
Роббен өзінің кәсіби мансабын 2019 жылдың жазында аяқтады. Голландиялық футболшы «Гронинген», ПСВ, «Челси», «Реал Мадрид» және «Бавария» командаларында ойнады. Нидерланд, Англия, Испания және Германия чемпионы. Мюнхендік «Бавария» сапында 2012/2013 жылғы Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или