Юрген Клопп: Гвардиола – әлемнің үздік жаттықтырушысы

Юрген Клопп: Гвардиола – әлемнің үздік жаттықтырушысы

«Ливерпульді» араға 30 жыл салып Англия чемпионы атағына жеткізген Юрген Клопп кімді әлемнің үздік жаттықтырушысы санайтынын айтты.

– Маған «Әлемнің үздік жаттықтырушысы» атағы ештеңе бермейді. Бір білеремін, біздің жаттықтырушылар штабына мықты мамандардан жиналған. Ал өз басым әлемнің үздік жаттықтырушысы деп Пеп Гвардиоланы санаймын, - деді Клопп.

Еске сала кетейік, мерсисайдтықтар чемпионатты 30 жыл ішінде алғаш рет және тарихта 19 рет жеңіп алды.

Клопп «Ливерпульді» 2015 жылдың қазан айынан бастап жаттықтырып келеді. Ол осы уақыт аралығында командамен бірге төрт жүлде еншіледі. «Қызылдардың» бапкері Юрген Клопп Англия чемпионатын жеңіп алған алғашқы неміс жаттықтырушысы болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или