«Ливерпуль» жанкүйерлері коронавирусқа қарамастан клубтың чемпиондығын тойлады

«Ливерпуль» жанкүйерлері коронавирусқа қарамастан клубтың чемпиондығын тойлады

«Ливерпульдің» жанкүйерлері «Қызылдар» премьер-лигада ресми жеңімпаз атанғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимін сақтаудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есrе сала кетейік, мерсисайдтықтар соңғы 30 жылда тұңғыш рет чемпион атанып отыр.

Жанкүйерлер коронавирус пандемиясы және оған байланысты шектеулерге қарамастан, көптен күткен олжаны тойлау үшін «Энфилдтің» қасына жиналды. Стадион маңына барлығы екі мыңға жуық адам келді.

Жанкүйерлер клубтың <span>You’ll Never Walk Alone </span>әнұранын шырқады. Би билеп, пиротехника қолданып,  жалаушаларын желбіретіп, тойлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или