Зайнутдинов «Арсеналға» қарсы ойынға қатысады

Зайнутдинов «Арсеналға» қарсы ойынға қатысады

«Ростовтың» негізгі командасының ойыншыларына Ресей Премьер-лигасының 24-туры аясындағы «Арсеналға» қарсы ойынға қатысуға рұқсат етіледі, деп жазады Prosports.kz.

«Матч ТВ» ақпаратына сүйенсек, «Ростов» ойыншыларының барлығы коронавирусқа тест тапсыруы керек, содан кейін матчқа қатысуға рұқсат етіледі.

Айта кетейік, «Сочиге» қарсы ойында (1:10) «Ростовтың» 17-19 жас аралығындағы жас ойыншылар өнер көрсетті. Клуб мүшелерінен коронавирус анықталғандықтан, негізгі команда карантинге жіберілген. Сол қатарда қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиёр Зайнутдинов те бар.

Еске сала кетейік, «Ростов» - «Арсенал» матчы 27 маусымда «Ростов Аренада» өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или