Боранбаев Вагнер Лавпен келісімшарт туралы мәлімдеме жасады
Алматылық «Қайраттың» қожайыны Қайрат Боранбаев бразилиялық Вагнер Лавпен келісімшарт туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бразилиялықтың талаптары ақылға қонымды, келісім-шарт қысқа мерзімді. Оны қатарымызға қосып, біз үлкен шығынға ұшырамаймыз. Оның үстіне, ол еркін агент ретінде келеді.
Келісімде шарттың бұзылу жағдайында ешқандай міндеттемесіз қарастырылатын нұсқалары бар. Жалпы, біз бәрін ескердік», - деді Боранбаев.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусымда бразилиялық өзінің Инстаграмында Қайратқа ауысатынын жариялады, содан кейін келісімшартқа қол қойып жатқан видео пайда болды. Қазіргі уақытта трансфер туралы ресми мәлімет жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или