FIFA COVID-19 салдарын жою үшін 1,5 миллиард доллар бөледі
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 25 маусымда Конфедерациялар мен Ұлттық футбол федерацияларына COVID-19 пандемиясының зардаптарын жеңуге көмектесетін 1,5 миллиард доллар бөлетінін жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлемдік футболдың басқарушы органы ұлттық федерацияларға қаржылық шығындарды өтеу үшін бірқатар гранттар мен пайызсыз несиелер беру үшін өз резервтерін пайдаланады.
Әрбір ұлттық қауымдастыққа (211-ден) 1 миллион доллар көлемінде жалпыға ортақ ынтымақтастық гранты беріледі. Қосымша 500 мың доллар әйелдер футболына көмек ретінде бөлінеді. Алты конфедерацияның әрқайсысына 2 миллион доллардан грант беріледі.
Ассоциациялар мен конфедерациялар жылдық кірістің 35% -ынан аспайтын мөлшерде пайызсыз несие алуға өтініш бере алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или