Артуро Видаль: «Барселона» чемпион болу үшін нағыз бабында
«Барселонаның» ойыншысы Артуро Видаль Ла Лигадағы «Реалмен» текетірес жайлы айтты.
– Қазір аз уақытта көп ойын өткіземіз. Сондықтан әр матчта жақсы нәтижеге жету үшін дұрыстап дайындалу қажет. Біз чемпион болуға нағыз бабымызда екенімізді дәлелдей аламыз, - деді Видаль.
Айта кетейік, турнир кестесінде «Барселона» мен «Реалдың» ұпай саны бірдей, алайда корольдік команда қосымша көрсеткіштер бойынша алда тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или