«Бавария» ойыншысына «Ливерпуль» мен «Барселона» қызығушылық танытып отыр
Испаниялық жартылай қорғаушы Тьяго Алькантара «Бавария» футбол клубынан кетеді, деп жазады Prosports.kz.
29 жастағы футболшы жаңа сынақтарға дайын екенін айтып жүр. Оған АПЛ-да бақ сынайтын «Ливерпуль» клубы қызығушылық танытып отыр.
Алькантара мюнхендік клубқа 2013 жылы «Барселонадан» ауысып келген болатын. Келісімшартта каталониялық клуб оны 25 млн еуроға қайта сатып ала алады деп көрсетілген. Демек, Дьяго «Барселонаға» қайта оралуы да мүмкін.
Айта кетейік, Алькантара «Бавария» сапында 7 маусым өнер көрсетіп, 230 матчқа қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или