Прагалық «Славия» Чехия чемпионы атанды

Прагалық «Славия» Чехия чемпионы атанды

Прагалық «Славия» «Виктория Плзеньді» 1:0 жеңіп, мерзімінен бұрын чемпион атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аяқталуына үш тур қалса да  «Славия» 9 ұпаймен жеке-дара көш бастап тұр. Клуб бәрібір чемпион атанды, себебі екінші орында келе жатқан командадан басқа да көрсеткіштер бойынша да озық тұр.

Айта кетейік, «Славия» қатарынан екінші жыл чемпион атанды. Бұл клубтың 6-чемпиондығы және Чехословакия чемпионатын қоса есептесе прагалық ұжым 20 рет чемпион болып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или