Неймар FIFA 21 симуляторының мұқабасына кірмей қалды

Неймар FIFA 21 симуляторының мұқабасына кірмей қалды

Әйгілі FIFA футбол симуляторын шығаратын EA Sports компаниясының басшылығы FIFA 21 ойынының мұқабасына бразилиялық шабуылшы Неймардың бейнесін қоймау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz Soccer News-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы PSG Culture мәлім етті. Басылымның хабарлауынша, EA Sports бірнеше апта бойы Неймар мен оның командаласы Килиан Мбаппе екеуінің бірін таңдауға мәжбүр болған.

Осы маусымда 21 жастағы Мбаппе ПСЖ сапында барлық турнирлерде 33 матч өткізіп, 30 гол соққан және 17 нәтижелі пасы тағы бар. Ал 28 жастағы Неймар 22 ойында 18 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или