Қайрат Боранбаев: Аршавиннің мақсаты басқа еді, Вагнер Лавтыкі мүлде бөлек

Қайрат Боранбаев: Аршавиннің мақсаты басқа еді, Вагнер Лавтыкі мүлде бөлек

«Қайрат» қожайыны Қайрат Боранбаев ЦСКА-ның экс-шабуылшысы Вагнер Лавтың қазақстандық клубқа ауысуы туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аршавиннің біздің клубқа келгендегі басты мақсаты мәнсабын қайта жандандыру, алаңда доп тебуден барынша ләззат алу болатын. Вагнердің жағдайы біршама өзгеше, өзінің отанында оның мансабы бұрынғысынша жақсы дамып жатқан болатын. Бірақ ол Ресейге қайтқысы келді. ЦСКА-мен келісімшартқа отыра алмаған соң, өзін басқа клубта сынап көрмек», - деді Боранбаев. 

Еске салайық, бірнеше күн бұрын 35 жастағы шабуылшы бразилиялық «Коринтианс» клубымен келісімшартын бұзған болатын. Кейінірек ойыншының Мәскеу ЦСКА-ға оралуы мүмкін екені туралы ақпарат пайда болды. Бірақ Вагнер Лав өзінің «Қайратқа» ауысатынын жариялады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или