«Астананың» және өзге бірнеше клубтың ойыншылары COVID-19 жұқтырып алған болуы мүмкін

«Астананың» және өзге бірнеше клубтың ойыншылары COVID-19 жұқтырып алған болуы мүмкін

Қазақстан премьер-лигасы мен Бірінші лигасында бақ сынайтын бірнеше клубтың футболшылары коронавирус жұқтырып алған болуы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне сүйенсек, Бірінші лигада өнер көрсететін СДЮШОР №8 командасының сегіз ойыншысы COVID-19 жұқтырды деген күдікке ілінген. Аталған команда жақында тағы бір елордалық клуб - «Астанамен» жолдастық матч өткізген. Ел чемпиондары сапынан да бес ойыншыдан коронавирус белгілері байқалып отыр.

«Астананың» барлық ойыншысы коронавирусқа қарсы тест тапсырды. Бірақ олардың нәтижелері әлі дайын емес.

Сондай-ақ, Премьер-лига мен Бірінші Лиганың командалары - «Қайсар» мен «Атырау» командаларында да коронавирус жұқтырғандар бар болуы мүмкін екені болжанып отыр.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан чемпионаты 1 шілдеде қайта жалғасады деп жоспарланған.

<h4>«Жетісу-Б» бас бапкерімен қоштасты</h4> <h4>«Шахтерді» қазақстандық маман жаттықтырады</h4> <h4>УЕФА Еуропа лигасының үздіктер рейтингіне қазақстандық клубтарды қосты</h4> <h4>«Ертіс» ҚПЛ-ға қатысудан бас тартты</h4>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или