«Ювентус» Хименес үшін екі футболшы ұсынып отыр
«Вулверхэмптон» шабуылшысы Рауль Хименеске туриндік клуб қызығып отыр.
Tuttosport мәліметінше, «Ювентус» 29 жастағы мексикалық шабуылшының орнына Даниэль Ругани мен Федерико Бернардерскиді ұсынған.
Хименес үшін «Манчестер Юнайтед», «Ливерпуль» және «Манчестер Сити» клубтары да қызығып отыр.
«Вулверхэмптон» Хименесті 50 миллион еуроға бағалайды.
Осы маусымда АПЛ-де Хименес «қасқырлар» құрамында 30 матч өткізіп, 14 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или