Ренат Абдулин: «Жеңілетін де, жеңетін де - бір команда»

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Ренат Абдулин биыл бас командамыздың басты тұлғаларының біріне айналды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ал оның Нидерланд құрамасының қақпасына баспен соққан тамаша голы Қазақстан футболының тарихында мәңгілікке қалары сөзсіз. "Амстердам Арена" сынды әйгілі аренаның ұлардай шулаған жанкүйерлерін бір сәтке тыншытып тастау, шыны керек, біздің футболшыларымызға күнде бұйыра бермейді. Ал 32 жастағы қорғаушы Ренат Абдулин бас командамыздың тізгінін Юрий Красножан ұстағалы бері негізгі құрамның несібелі ойыншыларының біріне айналып, өзін қатарданшығарып тастауға әлі ерте екенін дәлелдеді. Абдулиннің өзіне өте сенімді ойыны қарсыластың талай шабуылына тосқауыл болуда.

- Ренат, биыл сіздің "екінші деміңіз" ашылғандай...

- Негізі менің әлі бірінші демім "жабылған жоқ" деп үміттенемін. Егер клубтағы ойыным жайлы айтар болсам, бұдан да сәттірек ойнауға болар еді. Ал егер ұлттық құрама жайлы әңгіме қозғар болсақ, бас командамыздың сапына қайта шақырылып жатқаныма қуаныштымын. Ел үмітін ақтауға барынша тырысамын.

- Мирослав Беранек сізге аса көңіл бөле бермеуші еді, Юрий Красножан келіп, жағдай өзгеріп жатыр. Жалпы, ресейлік бұл маманның сізге сенім арту себебі неде?

- Мұны өзінен сұрағаныңыз жөн шығар. Бір білерім: Красножан ешкімнің төлқұжатына қарамайды, ешкімнен жас сұрамайды, бұрынғы жетістіктеріне назар салып жатпайды, тек ол өз командасында үздіктердің ойнағанын қалайды. Беранекке келер болсақ, әр бапкердің өз көзқарасы бар. Бар айтарым осы.

- "Амстердам Арена" стадионында қарсылас қақпасына жалғыз ғана соққы бағыттап, голға айналдыра білдіңіз. Сіздің бұл сұрмергендігіңізге шабуылшылардың өздері қызыға қарайтын шығар.

- Бұрынғы шабуылшылық танымымды жоғалтпаппын деп есептелік (күліп). Ал шынтуайтына келгенде, бұл біздің жаттығуларда стандартты жағдайларды жетілдіруіміздің арқасы деп білемін. Біз мұны жаттығуда әбден сыннан өткіздік. Әлбетте, Нидерланд қақпасына гол соққаныма қуаныштымын. Дегенмен, жалпы есептегі нәтиже көңілімізді түсіріп жіберді.

- Осы іріктеу додасында қақпамызға белгіленген екі пенальтиге де сіздің қосқан "үлесіңіз" бар. Бұған не дейсіз?

- Мұндайға да пенальти береді екен ғой. Екі пенальтидің де қайталауларын көрдік, екеуінде де төреші қателескен. Нидерландта фол мүлдем болған жоқ. Мен допқа ойнадым. Ал Стамбулда Бурак екеуміз бірдей допқа таластық та екеуміз де құладық. Рефери он бір метрлікті көрсетті.

- Красножан тақырыбына қайта оралайық. Стамбулдағы ойыннан кейін бас бапкер команданың бірінші таймдағы ойынына көңілі мүлдем толмағанын айтты. Матчтан кейін сіздерге "таяқ тиіп" кеткен шығар?

- Әлбетте, бірінші бізді "таяқтың астына" алды ғой. Бірақ бәрі орынды. Бас бапкер ешқайсымызды кінәлаған жоқ. Жеңілетін бір футболшы емес, тұтас команда. Сол сияқты, жеңетін де тұтас команда. Ойыннан кейін Юрий Анатольевич Федерация басшыларының алдында бізге осы жылдағы ойынымыз үшін алғыс айтты. Біздің бірлескен жұмысымыз келесі жылы жақсы нәтижесін береді деп үміттенемін.

- Ойын барысында сізді Сергей Малыйға алмастырды. Бұл немен байланысты?

- Жарақатыма байланысты. Басқа себеп болған жоқ. Мені бірінші таймнан кейін-ақ алмастыруға болар еді. Бірақ мен соңына дейін шыдауды жөн көрдім. Өкінішке қарай, жарақатым маза бермей, орныма Сергей Малый шықты.

- Бұл сіздің ұлттық құрама сапындағы 25-ші матчыңыз болатын. Сандарға мән бересіз бе?

- Бұл жерде саннан гөрі сапа маңыздырақ. Әлбетте, футболшылық ғұмырыңды аяқтаған соң жақсы сәттерді еске алғың келеді. Сондықтан, көбірек жеңіс болса екен деймін.

kff.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или