«Тоттенхэм» екі ардагер ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Тоттенхэм» екі ардагер ойыншысымен келісімшарт мерзімін ұзартты

«Тоттенхэм» футбол клубы қорғаушы Ян Вертонген және қақпашы Мишел Ворммен келісімшарт мерзімін ұзартты, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады. Келісімшарттар тағы екі айға, яғни маусымның соңына дейін ұзартылды.

Айта кетейік, 33 жастағы Вертонген «Тоттенхэмге» 2012 жылы «Аякс» командасынан ауысып келді. Лондондық клуб сапында 300-ден астам матчқа қатысты. Ал 36 жастағы Ворм 2014 жылдан 2019 жылға дейін «Тоттенхэмде» ойнады. Осыдан кейін бірнеше ай клубтан кеткенімен, «Тоттенхэмге» қайта оралды. «Тоттенхэм» сапында 48 матч өткізген.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или