«Бавария» «Манчестер Сити» футболшысын сатып алмақ

«Бавария» «Манчестер Сити» футболшысын сатып алмақ

Мюнхендік «Бавария» неміс шабуылшысы Лерой Санені сатып алу үшін англиялық «Манчестер Ситиге» қайта ұсыныс жасады, деп хабарлайды Prosports.kz<span> </span>тілшісі.

Bild мәліметінше, мюнхендік клуб 24 жастағы футболшы үшін 36 миллион фунт беруге дайын. Леройдың англиялық клубпен келісімшарты 2021 жылы жазда бітеді, ал қыстан бастап ол басқа клубтармен келіссөз жүргізуге құқылы.  

Еске салайық, «Бавария» былтыр жазда Санені сатып алмақ болған. Ойыншы да Бундеслигаға оралуға қарсы болмаған, бірақ трансферге футболшының жарақаты кедергі келтірген еді. 

Айта кетейік, Сане манчестер клуб сапында 134 матч өткізіп, 39 гол соққан. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или