Бундеслига жанкүйерлермен жеңіс тойлаған «Унионға» айыппұл салды
Неміс футбол лигасының 32-турында «Падерборнға» қарсы ойнаған «Унионға» айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Унион» ойыншылары 17 маусымда қарсыласын жеңгеннен кейін жанкүйерлермен бірге стадионның жанында көшеге шықты. Осылайша, ойыншылар коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген әлеуметтік қашықтық ережелерін бұзды.
Клубтан бөлек, команда ойыншылары Кристофер Тримелл мен Шералдо Бекерге айыппұл салынды. Олар коронавирус тесті нәтижесін алғанға дейін командадан оқшауланады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или