«Боруссия» Бундеслиганың вице-чемпионы атанды

«Боруссия» Бундеслиганың вице-чемпионы атанды

Германия чемпионатының  33-туры өтті. Бундеслиганың аяқталуына бірнеше тур қалғанда   чемпион «Бавария» «Фрайбургты» жеңіп (3: 1), мықты екенін тағы бір дәлелдеді. Роберт Левандовскидің еншісінде дубль бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ал дортмундтық «Боруссия» вице-чемпион атанды, ол тікелей бәсекелесі «РБ Лейпцигті» (2: 0) жеңді. Жас дарын Эрлинг Холланд  екі гол соқты.

Соңғы турдың алдында Бундеслиганың 7 үздік команда құрамына «Бавария» (79), «Боруссия» Д (69), «РБ Лейпциг» (63), «Боруссия» М (62), «Байер» (60), «Вольфсбург» және «Хоффенхайм»(екеуінде де 49 ұпай бар).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или