10 гол жіберген «Ростов» қақпашысы «матчтың үздік ойыншысы» атанды

10 гол жіберген «Ростов» қақпашысы «матчтың үздік ойыншысы» атанды

Ресей Премьер-лигасы аясында өткен «Сочи» – «Ростов» арасындағы матчта 11 гол соғылды.

Алаң қожайындары қарсыласының қақпасына 10 гол соқты. Айта кетерлігі, «Ростовтың» негізгі құрамының алты футболшысы коронавирус жұқтырған себепті алаңға дубль ойыншылары шықты. 

10 гол жіберген «Ростовтың» 17 жасар қақпашысы Денис Попов матч ойыншысы атанды. Жас қақпашы матч барысында 15 сэйв жасап, Премьер-лиганың рекордын жаңартты. Сондай-ақ, Антон Заболотныйдың пенальтиден тепкен соққысын қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или