«Шахтер» директоры: Басты мақсатымыз - клуб түлектерін негізгі құрамға тарту

«Шахтер» директоры: Басты мақсатымыз - клуб түлектерін негізгі құрамға тарту

«Шахтер» директоры Ерлан Оразаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Вячеслав Грозныйдың кетуінің себебін, не үшін таңдау тәжірбиесі аз Константин Горовенкоға түскенін, сонымен қатар клубтың негізгі мақсатын айтып берді.

 - Ерлан Жанатұлы, осыдан бес ай бұрын ғана команданың тізгінін ұстаған Вячеслав Гроздыйдың командадан не үшін кеткенін көпшілік түсінбеді. Нақты себептерді айта аласыз ба?

 - Мұнда нақты себеп жоқ. Жалпы, бізде шағымдануға ешқандай себеп болған жоқ. Вячеслав Викторович оқу-жаттығу жиынында көп жұмыс жасады. Мықты команда жасақтады, жақсы нәтижеге қол жеткізе алады. Бірақ біз бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп жатқан жоқпыз, және бізде 3 жылға алдын-ала даму жоспары болғандықтан, болашақты бағдарлау қажет болды.

Ашығын айтайық: маусымның аяғында лигадан тек бір клуб шығады, өйткені «Ертіс» чемпионатта ойнаудан бас тартты. Сонымен? Біз соңғы орын алмайтынымызға сенімдіміз. Теориялық тұрғыдан мұны жоққа шығаруға болмайды, бірақ біз болашаққа оптимизммен қарауды жөн көреміз. Чемпионаттың қашықтығы да едәуір қысқарды, сондықтан матчтар саны да азаяды. Осыған орай, бізде жоспарларымызды қайта қарап, түзету енгіздік. 

Осы маусымдағы басты міндет - инфрақұрылымды дамыту. Стадионды жөндеп жатырмыз. Жасыл алаңды ғана ауыстырып қоймай, орындықтарды, тағы да басқа ескірген заттарды жаңартамыз. Стадион келбетті көрініске ие болады. 

«Шахтер» стадионы

Вячеслав Викторовичті шақырған себебіміз - ол кісі команданы ұзақ дистанциялық жарысқа керемет дайындай алады. Тәжірбиелі маман екеніне ешкімнің таласы жоқ. Ал қазір чемпионат қысқарғандықтан, біздің мақсаттарымыз да өзгерді. 

- Горовенконы таңдауға не себеп болды?

- Қараңыз. Біз тәжірибелі шетелдік жаттықтырушымен қоштасқандықтан, оның орнына басқа шетелдік бапкерді шақыру түсініксіз шешім болар еді. Келісесіз бе? Тиісінше, қазақстандық мамандарға басымдық берілді. Олардың қатарында әр түрлі тапсырмаларды орындай алатын әр түрлі форматтағы жаттықтырушылар бар. Біз жас ойыншыларымыздың, әсіресе жергілікті ойыншылардың дамуын қалаймыз. Баспасөзді оқыған кезде, жанкүйерлердің құрамда біздің жігіттердің жоқтығына наразылықтарын көреміз. Біз де осы олқылықты түзеткіміз келеді.

Горовенко нәтиже көрсетумен қатар, жас футболшылармен керемет жұмыс істейді. Оған дәлел «Қайрат» пен «Жетісу-Б» жастарының прогрессі. Бізге дәл осы қасиеті өте маңызды.

Константин Горовенко

Әрине, мен оның кәсіби қасиеттері туралы сұрастырдым, «Қайрат», «Жетісу» және КФФ техникалық орталығының адамдарымен сөйлестім. Барлық жерде Горовенко жайлы жылы пікір естідім.

- Жоғарғы лигада тәжірибесіз бапкерге сенім арту қаншалықты қауіпті екенін түсінесіз бе?

- Толық түсінемін. Бірақ біз жастарға сенім артып, тәуекелге бармасақ, олар қайдан тәжірбие жинайды? Менде бұған дейін футбол клубтарында басшылық жұмыс тәжірибесі болған емес. Менің бұл қызметке тағайындалуым да қауіпті. Футбол да әдетте қауіп-қатерден тұрады. Абсолютті дәлдікпен оларды болжау мүмкін емес.

Егер Горовенконың жолы болмаса, онда мені жерден алып, жерге салатындарын жақсы түсінемін. Керісінше болса ше? «Оқжетпес» Карповичке сенім артып опық жеді ме? Ол да тәжірбиесіз еді. Біз де жетістікке жетеміз деп сенеміз.

- Клуб тізгінін ұстағаннан кейінгі бірінші сұқбатыңызда «Шахтер» клуб тәрбиеленушілеріне сенім артатынын айттыңыз. Бағытты өзгертуге не кедергі болды?

- Ойын ережелері. Бұл бірінші. Мен мұны айтқан кезде ЕАЭО ойыншылары әлі де легионер саналатын еді. Барлық клубтар шетелдік футболшыларды шақыра бастады. Бас бапкер бағытымызға өзгеріс енгізбесек, нәтиже қамтамасыз ететінен сенімді емес екенін айтты.

Екіншіден: Мен сөздерімнен бас тартпаймын. Мен әлі күнге дейін түлектерімізге сенемін. Бұл біз үшін басым бағыт.

Үшіншіден: ол кезде жарқын түлектеріміз Игорь Шацкий, Дмитрий Бачек және Оралхан Өміртаев бізден әлі кетпеген еді.

Төртіншіден: Ойыншылардың қайсысы негізгі құрамнан орын алатынын мен шешпеймін. Әйтпесе, бас бапкер команданы өзің бапта дейді.

- Бірақ мойындау керек, құрамнан кеткен маңызды футболшылардың орындарына бейтаныс футболшыларды шақырдыңыздар.

Қарағандылық команда қатарына ақпан айында қосылған 33 жастағы Дмитрий Ятченко

- Қалтамыздың көтергені осы футболшылар ғана. Біз де Томасов, Жоао Пауло секілді ойыншыларды шақырғымыз келеді. Бірақ біздің бюджет азырақ. Өткен маусыммен салыстырғанда біздің жалақы қорымыз айтарлықтай төмендеді, ешкімде ондай жағдай жоқ. Сонымен қатар, біз өз бюджетімізге сүйене отырып, кадрлармен жұмыс жасай алдық деп ойлаймын. Ұлттық құраманың екі үміткері - Тұрысбек пен Кәкімов бізге ақысыз келді. Бұл жақсы көрсеткіш.

- Сонымен, Горовенко жергілікті жігіттерді құрамға тарта ма?

- Оны бас бапкердің өзі шешеді. Біз өз қалауымызды білдірдік, жергілікті жастарға басымдық беретіндігімізді түсіндірдік. Ол бұған толық келіседі. Бірақ бұл бапкер жігіттердің барлығын ізбе-із негізгі құрамға шақыра береді деген сөз емес. Мүмкіндік беріп көреді. Олар оны қолдана ма, жоқ па - бұл басқа мәселе. Қарағандының тумасы екен деп, саған ешкім басымдылық бермейді. Аянбай тер төгіп, талмай еңбектеніп қана бәсекелестерінді жеңе аласың.

- Командада Жан-Али Пайруз және Геворг Наджарян бар екені анық. Жергілікті футболшылардан сенім артуға лайықты тағы кімдерді атай аласыз?

«Шахтер» түлектері Дмитрий Бачек пен Жан-Али Пайруз

- Егор Алишаускас, Руслан Тұтқышев, Матвей Герасимов. «Шахтер Булаттан» ойыншылар қосылатынына сенімдімін. Мен сізге бір құпияны айтайын: біз дарынды түлегіміз Дмитрий Бачектің командаға оралуы туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ол қарсы емес. Агентпен келісу керек. Егер ол қарсы болмаса, онда Дима командаға оралады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или