Франциялық клубтың 5 ойыншысы коронавирус жұқтырды
Франциялық «Сент-Этьен» футбол клубы ресми сайтында командада мүшелерінің ішінде бес адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
16 және 17 маусымда клубтың 22 қызметкері мен 33 футболшысы тест тапсырған. Нәтижесінде 5 ойыншының коронавирус жұқтырғаны анықталған. Мұның үшеуі негізгі құрам ойыншысы екен.
Олар карантинге жіберілді. Вирус жұқтырған ойыншылар команданың басқа мүшелерімен байланысқа шықпаған. Сондықтан клуб қалыпты режимде жұмыс істей береді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или