Видео. «Реал» өз алаңында «Валенсияны» ірі есеппен ұтты
Испания чемпионатының 29-туры аясында «Реал Мадрид» мен «Валенсия» арасындағы матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бірінші тайм голсыз аяқталды. Бірақ матчтың екінші бөлігіндегі Карим Бенземаның дублі мен Марко Асенсио соққан бір голдың арқасында алаң қожайындары жеңіске жетті.
Осылайша, «патшалық клуб» «Барселонамен» (64 ұпай) арадағы ұпай саның екеуге қысқартты. Ал «Валенсия» сегізінші орында.
Испания, Примера, 29-тур.
«Реал Мадрид» - «Валенсия» 3:0 (0:0).
Голдар: 1: 0 - Бензема, 61; 2-0 - Асенсио 74; 3-0 - Бензема, 86.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или