БАӘ чемпионаты уақытынан бұрын аяқталды
Біріккен Араб Әмірлігінің футбол қауымдастығы коронавирустың кесірінен 2019/20 жылғы маусымды уақытынан бұрын аяқтауды шешті.
Бауыржан Исламхан өнер көрсететін «Әл-Айн» командасы турнир кестесінде екінші орында тұр. Әзірге қазақстандық футболшының командада қалатын-қалмайтыны белгісіз.
Команданың бас бапкері Педро Эмануэль клуб басшылығынан Бауыржан Исламханды сақтап қалуды сұраған.
Еске сала кетелік, Исламхан «Әл-Айн» командасына осы жылдың 31 қаңтарында ауысты. Жаңа командасының сапында 10 матч өткізген қазақстандық жартылай қорғаушы 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. Команда 19 матчтан кейін чемпионаттың екінші орынында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или