Германия құрамасының шабуылшысы «Челсиге» ауысты
«РБ Лейпциг» шабуылшысы Тимо Вернер лондондық «Челси» командасына ауысты, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы «ақсүйектердің» баспасөз қызметі хабарлады.
«Челси» 24 жастағы германиялық футболшы үшін 50 млн еуроға шығындалды. Сондай-ақ, шабуылшыға жыл сайын 10 млн еуро жалақы төлейді. Келісімшарт мерзімі 2025 жылға дейін жарамды.
Вернер жаңа командасына шілде айында қосылады. Демек тамыз айында жалғасатын Чемпиондар лигасында «Лейпциг» сапында өнер көрсетпейді. Бірақ ол Германия Бундеслигасының қалған матчтарына қатыса алады.
- «Челси» сынды ұлы клубқа ауысқанымды мақтаныш тұтам. «Лейпцигті» ешқашан есімнен шығармаймын. Онда өткізген керемет 4 жыл үшін клуб пен жанкүйерлерге алғыс айтамын.
Айта кетейік, Тимо Вернер осы маусымда 43 матчқа қатысып, 32 гол соқты және 13 нәтижелі пас шығарды.
We have some @TimoWerner news for you!
— Chelsea FC (at ) (@ChelseaFC) June 18, 2020