Луиш Нани: Роналду АҚШ-та доп тебеді
Америкалық «Орландо Ситидің» және Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Луис Нани ұлттық құрамадағы серіктесі Криштиану Роналду MLS-ке ауысуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 сайтына сілтеме жасап.
«Бір-екі жыл бұрын ол маған Америкаға баруы мүмкін екенін айтты. Бұл 100% емес, бірақ оған мүмкіндік бар.
Бұл керемет лига. Әрине, лига үшін де, ойыншылар үшін де жетістіктер бар. Бірақ фантастикалық клубтар, жақсы ұйымдастырушылық, керемет жағдайлар, керемет жаттықтырушылар, керемет ойыншылар бар. Әр маусымда бәрі жақсарады. Бұл лигада барлық жағдай бар. Біз үлкен елдеміз. Ең бастысы - алға ұмтылудан қорықпау», - дейді Нани ESPN-ге берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, CR7 мен туриндік клубтың келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жарамды.
Сурет: topsports.am.