Чемпиондар лигасы қай күні аяқталатыны анықталды

Чемпиондар лигасы қай күні аяқталатыны анықталды

L’Équipe басылымының хабарлауынша, УЕФА 10 шілдеде 2019/20 Чемпиондар лигасының ширек финалына жеребе тастайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар Лигасы Лиссабонда тамыз айында «сегіздік финал» жүйесінде өтеді.

Қазірге дейін төрт қатысушы анықталды: «Аталанта», «Атлетико», «ПСЖ» және «РБ Лейпциг». Қалған 4 клуб 1/8 финалдағы жауап ойындарының нәтижелері бойынша анықталады. Олар 7-8 тамызда өтеді.

Ширек финалдың өзі 12-15 тамыз аралығында өтеді. Жартылай финал 18-19 тамыз аралығында өтеді деп күтілуде. Чемпиондар лигасының финалы 23 тамызға белгіленген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или