Германияда 2019/2020 маусым чемпионы анықталды

Германияда 2019/2020 маусым чемпионы анықталды

Германия чемпионатының 32-турының матчында «Бавария» бремендік «Вердерді» 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мюнхендіктердің матчтағы жеңісті және маусымдағы алтын голын Роберт Левандовски соқты. Поляк сұрмергені бірінші тайм аяғында мергендігімен көзге түсті.

Бремендегі жеңістен кейін <span>«Бавария» екінші орындағы «Боруссиядан» чемпионат аяқталуға екі тур ғана қалғанда 10 ұпай озып кетті.</span>

Айта кетейік, «Бавария» 30-шы рет ел чемпионы атанды. Команда бұл титулды қатарынан сегізінші рет жеңіп алды.

 

«Бавария» Хаверцті 80 миллион еуроға сатып алуы мүмкін

2022 жылғы әлем чемпионатына арналған үшінші стадион таныстырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или